Рекордты қорғау! Головкиннің Еуропа чемпионымен жекпе-жек күні ресми жарияланды

Сурет: ESPN.com

Орта салмақта IBO және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда өткізеді. Бұл туралы DAZN стриминг қызметі ресми түрде жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы IBF желісі бойынша міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасады.

Мұның алдында Головкин жекпе-жек туралы құлақтандырып, титулын рекордты 21-ші рет қорғайтынын атап өткен.

Головкин кейінгі рет өткен жылдың қазанында Нью-Йоркте жұдырықтасып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген.