Орта салмақта IBO және IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда өткізеді. Бұл туралы DAZN стриминг қызметі ресми түрде жариялады,- деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы IBF желісі бойынша міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасады.
Мұның алдында Головкин жекпе-жек туралы құлақтандырып, титулын рекордты 21-ші рет қорғайтынын атап өткен.
Головкин кейінгі рет өткен жылдың қазанында Нью-Йоркте жұдырықтасып, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген.