Бокс
16 сәуір 2019 09:33
 
"Qasaq Style-ды мақтан тұтам". Американың үздік менеджері Әлімханұлын мақтады

  Пікірлер

blog.share

"Qasaq Style-ды мақтан тұтам". Американың үздік менеджері Әлімханұлын мақтады © Top Rank

The Ring журналының тұжырымынша 2017 жылдың үздік менеджері Эгис Климас қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын (6-0, 2 КО) титулды жекпе-жегіндегі жеңісімен құттықтады, - - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Өзімнің Qasaq Style-ымды мақтан етемін!!!" - деп жазыпты Климас Instagram желісінде, Әлімханұлының жеңісінің видео үзіндісін қоса бекітіп. 

25 жастағы Әлімханұлы 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасты. Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болды. Жекпе-жек толық он раунда өтіп, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін иеленді.

Әлімханұлы осымен алтыншы жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп отыр. АҚШ-та ол 2018 жылдың сәуірінде жұдырықтаса бастап, бұл елде төрт кездесу өткізді. Ал Оливас бесінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, оның 16 жеңісі бар.

Қазақстандық жұдырықтасқан кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) британиялық Энтони Кролланы (34-6-3, 13 КО) нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Әлімханұлы мен Ломаченконың ісін де Top Rank компаниясы жүргізеді.

Жарнама

Живи спортом!