"Сондерс келесі жекпе-жекке басты үміткер емесі анық. Оны кім айтып жүргенін түсінбеймін. "Канело" және оның командасымен кездесу үшін Мексикаға барамын. Бірнеше күн боламын, талқылаймыз. Келісім жасап, қарсыласты таңдаймыз. Анықтала салысымен құлақтандырамыз.
Альварес жартылай ауыр салмақтағы титулды босатты. Сондықтан ол дивизионда қалғысы келмейтіні белгілі. Қалай боларын көреміз. "Канелода" екінші орта салмақта мүмкіндік көп сияқты. Орта дивизионға оралу ауыр болатын шығар, бірақ, ол да мүмкін.
"Канело" - бойшаң жігіт емес, бұл жақсы да. Ол кең иықты, аяғы мен желкесі жуан боксшы. Ол салмақты қалай түсіру керекгін, жаттығуды және тәртіпті сақтауды біледі. Оның артықшылығы да осында. Екінші орта салмаққа өту - Альварес үшін тамаша шешім деген ойдамын, дегенмен, бәрі командасына байланысты", - дейді Де Ла Хойя.