Орта салмақта WBA Super титулына ие Риота Муратаның (16-2, 13 КО) ісін жүргізетін Teiken промоутерлік компаниясы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекті қай уақытқа шегергенін хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Компания мәліметінше, Головкин мен Мурата айқасы келесі жылдың көктеміне ауыстырылды. Промоутерлер нақты күнді кейінірек хабарлайды, алдымен олар Жапониядағы эпидемиологиялық ахуалды зерттеп, құзырлы органдармен кеңесіп алмақ.