Промоутерлер ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының болашағына қатысты мәлімдеме жасады

©Ring Magazine

Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы тиутлды айқаста кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) нокаутпен жеңілген Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) болашағына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді

Ербосынұлы мен кубалық чемпион айқасындағы ауыр нокауттың видеосы

"Өкінішке қарай, батырымыз Айдос Ербосынұлы WBA дің чемпиондық белбеуі үшін таласта қарсыласы Дэвид Морреллден жеңіліс тапты. Бастапқы 11 раундта қос боксшы ашық, тең дәрежедегі жекпе-жек көрсетті. Алайда 12 раундта Айдостың көзінен алған соққысы жекпе-жектің нокаутпен аяқталуына сеп болды.

✊Дегенмен Айдос бұл жекпе-жекте қарап қалған жоқ, өзінің нағыз батыр, ержүрек екенін дәлелдеді. Бұл отандасымыздың үлкен жолға деген сапарының соңы емес, әлі де үлкен жеңістерге жететінімізге сенімдіміз. Айдос әлі-ақ төрткүл дүниеге өзін дәлелдейтін болады. Жеңіс бар жерде жеңіліс бар. Жарқын күндер әлі де алда. Айдос біз үшін чемпион. Солай болып қала да бермек. Барша тілеулес болған жандарға ерекше алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар