Бокс
Бүгін 11:12

Промоутерлер Әлімханұлының WBO белбеуі үшін айқасының күні мен орнын жария етті

©Нұрғали Жұмағазы

Даниялық Primetime Boxing промоутерлік компаниясы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен даниялық Якоб Банктің (20-0, 11 KO) екінші орта салмақтағы WBO титулы үшін жекпе-жегі туралы ресми жария етті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында өтеді.

Бокс кешін ұйымдастырушылар қатарында Gold Star Promotions компаниясы да бар. Олар андеркардқа қатысатын боксшылардың тізімін жақын арада жариялауды жоспарлап отыр.

Еске салайық, британиялық боксшы Хамза Шираз WBO белбеуінен ресми түрде бас тартқаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы бос титул үшін жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport