Бокс
19 қаңтар 2021 11:05
 

Промоутерлер Ахмедовтың төрт титул үшін жекпе-жегін ертерек өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Промоутерлер Ахмедовтың төрт титул үшін жекпе-жегін ертерек өткізеді Сурет: instagram.com/sadriddin_____soq/

Канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) қатысуымен өтетін бокс кеші өтетін күн ауыстырылғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) қатысуымен өтетін бокс кеші өтетін күн ауыстырылғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші орта салмақта WBC "жастар" титулына ие қазақстандық боксшы 30-қаңтар Мексикада голландиялық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасу керек. Енді промоушен шоуды бір күн бұрын өткізу туралы шешім қабылдады - 29-шы қаңтар. 

Еске салайық, Ахмедов кейінгі рет рингке былтыр желтоқсан Монреальда шығып, екінші раундта аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты нокаутқа түсірген. Алдағы жекпе-жек қазақ боксшы үшін Мексикада алғашқы болмақ. Бұл айқаста WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдары сарапқа салынады. Кездесу он раундқа есептелген. 

Жарнама

Живи спортом!