Промоутер Тайсон Фьюридің алдағы айқастары туралы айтты. Тізімде Усик пен Джошуа жоқ
Белгілі промоутер Боб Арум WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақта әлем чемпионы Тайсон Фьюридің алдағы уақытта кімдермен жұдырықтасуы мүмкін екендігін айтты. Промоутердің айтуынша, "сыған королі" финляндиялық Роберт Хелениус пен америкалық Энди Руиспен рингте қолғап түйістіруі мүмкін.

"Біз қазіргі таңда екі боксшымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер Хелениуспен шығып жатса, жекпе-жек Ұлыбритания жерінде өтеді. Егер Руистің командасымен келісіп жатсақ, бокс кеші Лас-Вегаста болмақ", - дейді Арум.
Дегенімен, жанкүйерлер арасында "сыған королінің" украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Энтони Джошуамен шыққанын қалайтындар көп.
Еске салайық, Тайсон Фьюри соңғы рет биыл 10 қазанында Деонтей Уайлдрмен кездесіп, 11-раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Жарнама