Бокс
13 ақпан 2024 09:49

Промоутер қазақстандық боксшылардың кіші ӘЧ-дегі нәтижесіне қатысты ойын айтты

©Reuters

Қазақстандық белгілі промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың Странджа кубогіндегі нәтижесіне қатысты ойын айтты.

Кіші әлем чемпионаты аталып кеткен жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлде ғана иеленді: Дулат Бекбауов алтын алды, Санжар Тәшкенбай - күміс және қола Тұрсынбай Құлахметте.

"Шынын айтқанда турнирді тамашалаған жоқпын. Қазір бір үлкен жобамен айналысып жатқан едік. Уақыт болмады. Ал жалпылай жігіттерді сынағым келмейді. Олимпиадаға дейін бірнеше ай ғана қалды. Қателіктерін қазір көріп алғандары жақсы, маңызды турнирде емес. Алда лицензиялық турнирлер бар, соған ерекше назар аудару керек. Ол жерде мотивация да, нәтиже де жоғары болады деп ойлаймын. Ең бастысы жігіттер өздерін қайрап, жеңілістерінен шешім шығара алуы", - дейді Манкенов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport