Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) үшінші айқас үшін Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) шартын қабылдауға дайын, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канело" суперорта салмақ чемпионы болғандықтан, Геннадий үшін ол дивизионға көтерілу қиын емес. GGG үлкен айқас үшін салмақ көтеруге дайын екенін үнемі айтатын. Ол орта салмақта барлық белбеуді жинағысы келген, алайда, 168 фунтта осындай мүмкіндік туса, "Канеломен" жұдырықтасу үшін ол жоғары салмаққа көтеріледі", - дейді Головкиннің промоутері Том Леффлер Zanfer Boxing арансына берген сұхбатында.