Бокс
20 қазан 2021 11:53

Промоутер "Канелоның" Головкиннен қашқанын бетіне басты

©Bad Left Hook

Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жекпе-жекті еске ала отырып, сол уақыттағы қарсылас іздеу қиындығын да сөз етті. 

Бұл жекпе-жек 2014 жылы өткен болатын. Ол кезде Головкин екінші раундта нокаутпен жеңіп, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғап, WBC титулын жеңіп алған.

Ол уақытта WBC ұйымының толыққанды чемпионы өзге мексикалық Сауль "Канело" Альварес еді, алайда, ол Головкинге қарсы міндетті қорғаудан бас тартып, белбеуді бос қалдырған еді. 

"Головкинмен ешбір чемпион жұдырықтасқысы келмегені қиын болды. Рубио WBC тұжырымынша уақытша чемпион еді. Осы белбеуді жеңіп алу "Канелоны" жекпе-жекке шығарудың жалғыз жолы болатын. Алайда Альварес Головкинмен айқаспау үшін WBC титулынан бас тартты", - деп жазыпты Леффлер твиттерде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport