Бокс
22 шілде 2020 16:32

Промоутер "Канело" қарсыластарымен қиындықтар барын айтып берді

Сауль "Канело" Альварес. © Boxing News

Golden Boy промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) жекпе-жегін ұйымдастыруға қатысты қиындықтар жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Промоутердің сөзінше, басты қиындық қарсылас атануы мүмкін боксшылардың тым көп ақша талап ете бастағаны. 

"Осы аптада Саульдің алдағы кездесуі талқыланады. Осы жекпе-жекті ұйымдастырамыз деп күнді де, түнде де еңбектеніп жатырмыз. Бірақ боксшылар жұдырықтасқысы келмейтіндіктен тым көп сұрай бастайды. 

Қарсылас атануы мүмкін боксшылар аяқ-асты артық сұрай бастайды, өйткені, олардың құлақтарына сыбырлайтындар бар болып тұр. "Канеломен" жұдырықтассаң болды, үш-төрт есе көп аласың деген сөз емес. Оның үстіне пандемия жағдайында екенімізді ұмытпау керек. 

Апта соңында "Канело" рингке 12 қыркүйекте шыға ма, соны білетін боламын. Бірақ сол күні жұдырықтасарына сенімдімін. DAZN, мен және Альварес те осыны қалаймыз", - дейді Де Ла Хойя.