Промоутер "Канело" - Бивол қарымтасының уақытын белгіледі

©Planet Sport

Промоутер Эдди Хирн мексикалық Сауль Альварес (57-2-2, 39 КО) және Дмитрий Бивол (20-0, 11 KO) жекпе-жегінің уақытын айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Дмитрий Бивол және командасымен келіссөзге отырдық, сосын мен айттым: "Тыңдашы, сен де қыркүйекте титулыңды қорғайсың, сосын мамырда Альвареспен қарымта өтеді". 

Бивол абсолют чемпион болғысы келеді, сонымен қоса, қарымта жекпе-жекті де қалайды. Өйткені одан мол қаржы түседі. Биволдың ісін жүргізетін "Мир бокса" компаниясының промоутерлері және менеджері Вадим Корниловпен отырып, Дмитрийдің болашағын жоспарлаймыз. Қазір бұл жігіттің жұлдызы жанып тұр", - дейді Хирн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport