Промоутер Головкиннің келесі қарсыласын жеңетініне күмәнданды
Орта салмақта WBA Super белбеуіне ие Риота Мурата (16-2, 13 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) қарсыласы атануы ықтимал. Британиялық белгілі промоутер Эдди Хирннің сөзінше, бұл үшін жапониялық боксшы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) жеңу керек, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Альварес пен Головкин бір-бірін ұнатпайды, алайда, олар рингте қайтадан кездесу үшін келесі жекпе-жектерінен аман шығу керек. Альварес 7 мамырда Биволмен, ал қыркүйекте Головкинмен айқастатынын жариялағанымыз DAZN үшін үлкен күн болды.
DAZN-де кестеміз тығыз. Егер осы екеуі алдағы жекпе-жектерінде жеңсе, қыркүйекте жолығады. Муратаға келсек, келісімшарт бойынша емес, дегенмен, Альварестің қарсыласы бола алады.
Жоспар бойынша Альварес рингте Бивол және Головкинге қарсы келу керек. Бірақ бокста бәрі болуы мүмкін ғой", - дейді Хирн.
Жарнама