Промоутер Головкинмен жекпе-жектегі Муратаның басты қателігін атады

©twitter.com/GGGBoxing

Ресейлік промоутер Владимир Хрюнов "РБ" басылымына берген сұқбатында Риото Муратаға (16-3, 13 КО)  қарсы өткен кездесуде Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) қандай тактика ұстанғанын айтып берді. 

Бұл кездесу 9 сәуір күні Сайтама (Жапония) қаласында өтіп, Головкин қарсыласын тоғызыншы раундта жеңді. 

"Мен Том Леффлермен Головкиннің сол айқастағы тактикасы туралы сөйлескен едім. Қазақстандық боксшы жоспарды жақсы орындады. Ол алғашқы раундтарда күшін үнемдеп, оңтайлы сәтті күтті. Мурата жекпе-жек барысында жауынгер екенін көрсетті. Бірақ ол самурай емес екен. Риото осы кездесуде жеңіс үшін барлығын істемеді. Сондықтан да ол жеңіске жете алмады", - деді Хрюнов. 

Айта кетейік, бұл кездесуден кейін Головкин енді "Канеломен" кездесуі мүмкін. Ол жекпе-жек қыркүйекке жоспарланып отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар