Бокс
11 қараша 2021 12:40

Промоутер Головкин мен Уорд неге жұдырықтаспағанын түсіндірді

©Vesti.kz. Турар Казангапов

Геннадий Головкиннің промоутері Андре Уордтың келісім бергеніне қарамастан қазақстандық боксшы неге америкалыққа қарсы жекпе-жек өткізбегенін түсіндіріп берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Том Леффлердің айтуынша, Андре Уорд Головкин басқа жекпе-жек туралы келісіп қойған соң ұсыныс жасаған. 

Бұл туралы әңгіме кеше твиттерде өрбіді. Қолданушылардың бірі Головкиннің Уордтан қашып кеткенін жазды. 

"Головкин Лемьемен кездесу өткізуге келісім бергеннен кейін ғана Уорд жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған", - деп жазды бұл туралы танымал журналист Стив Ким. 

"Рас. Уорд тарапынан ұсыныс біз Лемьемен кездесу өткізуге келісіп қойған соң түсті. Ал одан кейін Головкинмен Котто - "Канело" арасында жеңімпаз кездесетін болды. Орта салмақтағы бұл екі кездесу де біз үшін маңызды болды. Бұл туралы сол кезде мен айтқан едім", - деді Леффлер. 

Айта кетейік, Головкин келесі кездесуін желтоқсан айында Жапонияда өткізеді деп күтілуде. Оның қарсыласы WBA Super белбеуінің иегері Риото Мурата болады. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport