Промоутер Головкин - "Канело" трилогиясына қатысты алаңдауда
7 мамырда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Р4Р рейтингінің көшбасшысы, мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. "Канело" қарсыласын жеңген жағдайда үстіміздегі жылдың қыркүйегінде қазақстандық Генадий Головкинмен (42-1-1, 37 КО) үшінші рет кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды сообщает vRINGe.com.

Осыған орай Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн алаңдап отырғанын білдірді. Оның ойынша, Бивол мексикалық боксшының жоспарын бұзуы мүмкін.
"Канело" - Бивол - бұл өте ауыр кездесу. Дмитрий жас қой. Оның бұған дейін рингте ешқандай проблемасы болмаған. Ол ешкімнен жеңілмеген әрі қазіргі әлем чемпионы Джо Смитті оп-оңай ұтты. Оның үстіне ол осы кездесуді ұзақ күтті. "Канелоны" сабау үшін жоғары деңгейде ғана өнер көрсету керек. Сондықтан бұл жігіт қазір өз бабында.
"Канеломен" кездестім. Одан: "Қалай? Дайынсың ба?" деп сұрадым. Жауабын көздерінен ұққандай болдым. Оның көздерінде: "Әрине!" деп жазылып тұрды. Бұл ғажап айқас. Өте ауыр. "Канелоның" карьерасындағы қиын кездесулердің бірі болады" - дейді Хирн.
Жарнама