"DAZN-мен жылдың қалған бөлігіне арналған кесте бойынша жұмыс істейміз және бәріміз боксты қайтару үшін еңбектеніп жатырмыз. DAZN-ге жазылушыларды тарту үшін маңызды кездесулер қажет. Үлкен жекпе-жектерге оралу керек", - деп келтіреді Хирннің сөзін Boxingscene.com.
Matchroom компаниясының АҚШ-тағы бірінші турнирлері спорттық шараларға рұқсат еткен Флорида штатында өтеді. Шоу көрерменсіз болады.
"Флорида біз баруға тырысатын жерлер арасындағы ең бастысы сияқты, өйткені, UFC жобасы да қазір сонда", - деп аяқтады сөзін промоутер.