Промоутер бүкіл бокс тарихындағы ең үлкен айқасты атады

©DAZN

Энтони Джошуа (26-2) WBA, IBF және WBO чемпионы Александр Усикті (19-0) жеңсе, оның WBC титулына ие Тайсон Фьюримен (32-0) жекпе-жегі спорт тарихындағы ең айтулы айқас болмақ. Мұндай пікірді британиялықтың промоутері Эдди Хирн айтады.

"Шынын айтқанда, Эй Джей еш қиындықсыз Усикпен реваншты кейінге қойып, бірден Фьюримен жұдырықтаса алар еді. Оның Фьюримен айқасы бокстағы ең қызықты жекпе-жек болып отыр. 20 тамызда Усикпен айқас қалай өтсе де, Джошуа Фьюримен жұдырықтасады деп сенемін. Ал егер Энтони реваншта жеңсе, Фьюримен жекпе-жек спорт тарихындағы ең үлкен айқас болады. Біздің буынның ғана емес, жалпы спорт тарихында", - дейі Хирн iFL TV арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар