Промоутер Артур Бетербиевтің келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

©sport-express.ru

Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін Артур Бетербиевтің сопромоутері Боб Арум ресейліктің Энтони Ярдпен жекпе-жек қашан өткізетінін айтты. 

"Біз қазіргі уақытта Бетербиевпен келіссөз жүргізудеміз. Ярдпен кездесу қазан айының соңында болады. Фрэнк Уоррен (Ярдтың промоутері) бұл кездесуді Лондондағы O2 спорт кешенінде өткізеді деп ойлаймын. Бетербиев қазір демалыста. Келесі аптада біз онымен сөйлесіп, келіссөзді аяқтаймыз", - деді Арум FightHype порталына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, осыған дейін Артур Бетерибев де алдағы кездесу туралы ой айтып, келесі жылы Дмитрий Биволмен кездескісі келетінін мәлімдеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport