Промоутер Әлімханұлының қарсыласымен мақтанды
Дэнни Дигнумның (14-0-1, 8 КО) промоутері Ли Итон британиялық боксшыға деген таңданысын жасыра алмады. Себебі көбі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсы рингке шығуға қорыққан, деп хабарлайды Vesti.kz.

Итон қарсыластарын қорқытып қойған қазақстандыққа да риза болды.
"@dannydignum vs @janibek_alimkhanuly. Вегастағы басты адамдар!!! Мұны көптеген боксшы армандайды және мен Дэнни үмітімді ақтағанына ризамын. Бұл өзін көрсететін сәт. Ол бұл жекпе-жектегі өз орнын біледі. Супер, супер, мақтан тұтамын сені. Көбі онымен жекпе-жекке шыққысы келмеді, бірақ сен келістің!!! #LETSGOOOO", - деп жазды Итон.
Еске салайық, 21 мамырда Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнуммен титулдық жекпе-жегі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. Ол ESPN арнасында көрсетіледі.
Жарнама