Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Баб Арум орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алдағы уақытта дивизиондағы ең мықты боксшы болатынына сенімді, деп хабарлайды vRINGe.com.
"Әлімханұлын орта салмақта әлемде кез келгеніне қарсы қояр едім. Ол қуаты сұмдық солақай. Жәнібек орта дивизионға ұзақ уақыт әмірін жүргізеді", - дейді Арум.
Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады
Айта кетейік, мұның алдында қазақстандық боксшы титулын міндетті қорғауын өткізетіні хабарланған. Ал Жәнібек чемпион атана саласымен бразилиялық Эскифа Фалькао оны жекпе-жекке шақыруын қояр емес.