Промоутер Әлімханұлы Головкинге қарсылас бола алмайтынын ашық айтты

22 қыркүйек 2022 12:16
©Коллаж Tengrinews

Әлемге әйгілі промоутер Боб Арум қазақстандық Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы арасында жекпе-жек өтуі мүмкін емес екенін айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"GGG-дің бокстағы қабілеті мол, сондықтан ол әлі де элиталы боксшы. 40 жас әрине оңай емес. Оның дағдылары нашарлады ма? Меніңше, иә. 

Головкин әдетте өте көп ақша табады, сондықтан лайықты гонорар ұсына алмайтын қатардағы орта салмақтағы боксшымен жекпе-жек өткізбейтіні анық. Меніше, Жәнібек тамаша боксшы. Таланты зор, бірақ, GGG онымен рингке шықпайды. Неге деп сұрасаңыз, менің жауабым - ол Головкиннің стандартына сәйкес келмейді. Алайда Жәнібек қазіргі таңда орта дивизиондағы ең мықты боксшы. 

Егер Чарло туралы айтсақ, ол Головкинді жеңіп кетеді деп ойлаймын. GGG жастау кезінде оны жапырып өтер еді, дегенмен, ол жас келмеске кетті. Сондықтан олар айқасса Чарло жеңеді деп ойлаймын", - дейді Арум. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport