auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Пиар-қадам". Бокс федерациясы Хаммер мен Шарипованың Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысуы туралы

"Пиар-қадам". Бокс федерациясы Хаммер мен Шарипованың Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысуы туралы
Кристина Хаммер және Фируза Шарипова. : Vesti.kz коллажы
ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz тілшісіне  Фируза Шарипованың (9-1, 4 КО) Олимпиадаға Қазақстан атынан бармақ ниетте екеніне қатысты ойын білдірді. Сонымен қатар, орта салмақта WBO чемпионы Кристина Хаммер де осындай мәлімдеме жасаған. Хаммер Қазақстан тумасы, алайда, қазіргі таңда Германия атынан жұдырықтасады. 

"Хаммер мен Шарипова Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысқысы келеді деген - пиар-қадам деп ойлаймын. Олар ел құрамасына қалай ілінбек екенін түсінбедім. Құраманы аға жаттықтырушы таңдайды, ал оның Олимпиадаға қатысты өз көзқарасы бар. Республикалық іріктеуден қалай өтпек?

Оның үстіне әуесқой боксты Олимпиада бағдарламасына қалдыру мәселесі әлі шешілген жоқ. Қала ма, қалдырса қандай күйде, бұл кейін белгілі болады. Сондықтан бұл мәлімдемелерге назар аудармаған жөн деп ойлаймын", - дейді Демьяненко.

Айта кетейік, 24 жастағы Шарипова кәсіпқой рингте алғаш 2016 жылдың 21 мамырында жұдырықтасты. Содан бері он жекпе-жек өткізіп, тоғызында жеңіске жетті және бір рет жеңілді. Қазіргі таңда ол екінші орта салмақта IBO және жеңіл дививзионда WIBA, WBU белбеулеріне ие. 

28 жастағы Хаммер Қарағанды облысындағы Новодолинка ауылында дүниеге келген. Бала кезінде ата-анасы Германияға көшіп, қазір Дортмунд қаласында тұрады. Кәсіпқой боксқа Хаммер 2009 жылы ауысты, ал бір жыл өте, 20 жасында WBO белбеуін жеңіп алды. Тоғыз жылда ол үш салмақта чемпион болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама