Бокс
19 тамыз 2019 11:18
 
"Паршалап тастады". АҚШ-та Әлімханұлының нокаутпен жеңісіне тамсанды

  Пікірлер

blog.share

"Паршалап тастады". АҚШ-та Әлімханұлының нокаутпен жеңісіне тамсанды © instagram.com/janibek_alimkhanuly

Boxingscene.com шолушысы Джейк Донован орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) жеңісіне қатысты пікірін білдірді.

Жекпе-жек 17 тамыз Лос-Анджелестегі Banc of California стадионында өтті. Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды бесінші раундта нокаутпен жеңді. 

"Жәнібек бүгінгі таңдағы өнерін толық көрсеткендей, МакЛелланды бес раундта паршалап тастады, жоқ қылды. Екінші және бесінші раундтағы нокдаундар жекпе-жектің мерзімінен бұрын аяқталуына жол ашты. 

Әлімханұлы шабуылға ерте көшіп, МакЛелланды екінші раундта тамаша сол апперкотпен бір құлатты. 2016 жылғы Олимпиадада өз елінің намысын қорғаған қазақстандық солақай басын қорғап, ақылмен жұдырықтасты, ол соққысын өткізетін жол тауып отырды, ал қарсыласы оның шабуылын бағамдай алмады. 

Үшінші және төртінші раундта басымдыққа ие болған Әлімханұлы бесіншісінде жарылды. Сол жақтан келген соққы МакЛелланды сұлатып түсірді, дегенмен, ол алай-бұлай аяққа тұрды. Ал Жәнібек шабуылын аяусыз жалғастырды, төреші Руди Барраган жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды", - деп жазыпты автор. 

26 жастағы Әлімханұлы жеті жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (үш нокаут), ал 32 жастағы МакЛеллан осымен төртінші рет жеңілді. Сондай-ақ, оның есебінде 27 жеңіс және үш тең жекпе-жек бар. Қазақстандық боксшы АҚШ-та бесінші рет жұдырықтасты, ал канадалық бұл елде бірінші рет өнер көрсетті.

Жарнама

Живи спортом!