Парижге баратындарды бір тексеріп алдық - Айтжанов Астанадағы турнир жайлы
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Астанада өткен "Елорда кубогі" халықаралық турниріне қатысты ойын айтты.
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Астанада өткен "Елорда кубогі" халықаралық турниріне қатысты ойын айтты.
"Елорда кубогі" жоғары деңгейде өтті. Қазір әрбір ел Олимпиадаға дайындалуда. Сондықтан, көп құрама келген жоқ. Ешкімге ренжімейміз де, өйткені, әрбірінің өз мақсаты бар, өз жоспары бар.
Олимпиадаға қатысатын жігіттерімізге жақсы қарсыластар келді. Қытайдан екі, Әзірбайжаннан үш боксшы келді Олимпиадаға қатысатын. Ұлттық құрама боксшыларының барлығы Олимпиада қарсаңында өз әлеуетін бір байқап көрді. Бұл турнирдің бізге тигізер пайдасы көп.
Осы жарыс арқылы Парижге баратын боксшылардың кем-кетігін көріп, бір тексеріп алуды жоспарлағанбыз. Бәрі ойдағыдай өтті", - деп береді бапкердің сөзін Olympic.kz.
Жарнама