Бокс
15 ақпан 2021 10:37

Пакьяо Елеусіновтің мылжасын шығарамын деген чемпионды жекпе-жекке шақырды

Сурет: RingSide24

Сегіз салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо жартылай орта дивизионда кез келген чемпионмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді,- деп хабарлайды "Чемпионат". Филиппиндік боксшының сөзінше, ол WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфордпен 40 миллион доллар үшін айқасуға дайын.

"Титулы бар боксшымен жұдырықтасқым келеді. Боб Арумға айттық, мен Кроуфордпен жекпе-жекке дайынмын деп. Гонорарды маған 40, ал Кроуфордқа 10 миллион етіп бөлуге дайынмын. Кіммен болса да, жұдырықтасуға бармын. Мені білесіздер ешқандай сынақтан қашпаймын, кез келгеніне қарсы тұрамын", - деп береді боксшының сөзін BoxingScene.

Еске салайық, кейінгі рет 2019 жылы шілдеде жекпе-жекке шығып, Кит Турманды жеңген. Ал жақында ол WBA Super титулынан айырылды. 

Елеусінов өзінің мылжасын шығаруға уәде берген әлем чемпионымен бетпе-бет кездесті