Бокс
Кеше 22:15

Пакьяо бокс тарихындағы үздік бестікті атады

©instagram/mannypacquiao

Аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо тарихтағы үздік боксшыларды атады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Пакьяоның таңдауы бойынша үздік боксшылар тізімі бес спортшыдан тұрады:

Шугар Рэй Леонард;
Хулио Сесар Чавес;
Рой Джонс кіші;
Оскар Де Ла Хойя;
Рикардо Лопес.

"Маған Шугар Рэй Леонард пен Хулио Сесар Чавестің жекпе-жектері ұнайтын. Рой Джонс– менің ең сүйікті боксшым. Сондай-ақ, Оскар Де Ла Хойяны ерекше бағалаймын. Бұл – өнерін тамашалағанды жақсы көретін боксшыларым. Бұдан бөлек, жеңіл салмақтағы кішкентай ғана чемпион Рикардо Лопесті де атап өткім келеді", – деді Пакьяо Boxing News басылымына берген сұхбатында.

47 жастағы Мэнни Пакьяо (62 жеңіс, 8 жеңіліс, 3 тең ойын, 39 нокаут) – кәсіпқой бокс тарихындағы сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы.

Сондай-ақ, ол 1990-жылдардан бастап 2020-жылдарға дейінгі төрт түрлі онжылдықта чемпиондық белбеу иеленген алғашқы боксшы ретінде тарихқа енді. Филиппиндік саңлақ 2000-жылдардың үздік боксшысы деп танылды. Ал 40 жасында жартылай орта салмақтағы ең егде әлем чемпионы атанды.

Пакьяо 2021 жылы мансабын аяқтағанымен, кейін шаршы алаңға қайта оралды. Оның соңғы ресми жекпе-жегі 2025 жылдың шілдесінде өтті. Сол кездесуде ол америкалық Марио Барриоспен чемпиондық айқаста тең түскен еді.
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport