auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

P4P рейтингінде Головкинді төмен сырғытатындардың есімі аталды

P4P рейтингінде Головкинді төмен сырғытатындардың есімі аталды
© akboxing.ru
WBO тұжырымы бойынша орта саклмақта әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (29-0, 25 KO) отандасы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) арасындағы қарымта және салмақ дәрежесіне қарамай құрылатын әлемнің ең үздік боксшыларының рейтінгі (P4P) жайлы сөз қозғады. 

Айта кетейік, Альварестің допинг дауына ілігіп, Головкинмен 5 мамырдағы жекпе-жектен бас тартуына байланысты Мунгуйя қазақстандықққа қарсылас ретінде қарастырылған болатын. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы бұған рұқсат бермеді.

Мұның орнына Мунгуйя америкалық Садам Алимен жұдырықтасқан еді. Қарсыласын төртінші рауындта сұлатып, WBO белбеуін тартып алған мексикалық NSAC ұйымына Головкинмен жұдырықтасуға рұқсат бермегені үшін алғыс білдірді.

"Альварестің кленобутеролмен қиындықтары болды, оған енді кейбірі сенбейді. 15 қыркүйекет сенімді қайтару үшін бәрін жасайды деген ойдамын. Головкин P4P рейтингінің көшбасшысы деген ойдамын. Бірақ оның уақыты өтіп барады, ол 37 жаста. P4P рейтингісінің жаңа көшбасшысы "Канело" болуы мүмкін. Ол болмаса, Ломаченко. Болжам? Білмеймін, өйткені Альварес бір жылдан бері жұдырықтаспады. Головкинмен қалай қарымта өткізетінін білмеймін. Үзіліс жекпе-жекке әсер етпейді деген үміттемін", - деп келтіреді Мунгуйяның сөзін vRINGe.com.

Еске салайық, Головкин мен Альварес қарымтаны 15 қыркүйекте өткізуге келісе алды. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама