"Өзін өмір бойына қамтамассыз етті". Сондерстің "Канеломен" айқас үшін қанша алғаны жарияланды

Сурет: XSPORT.ua

Екінші орта салмақта WBO ұйымының бұрынғы чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (30-1, 14 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (56-1-2, 38 КО) жекпе-жек үшін сегіз миллион доллар табыс көрді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджер Twitter желісінде хабарлады. 

"Билли Джо Сондерс Альвареспен жекпе-жек үшін сегіз миллион доллар алды. Карьерасына қауіпті жарақатын есепке алсақ, ол өзін өмір бойына қамтамассыз етті", - деп жазады Коппинджер.

Жаңалықтар