Бокс
22 шілде 15:03

Өзін қоспады. Канело әлемдегі ең мықты үш боксшыны атады

©x.com/Canelo

Бокстың мексикалық жұлдызы Сауль Канело Альварес (63-2-2, 39 KO) өз ойынша салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) ең мықты боксшылар кім екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

13 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетін америкалық Терренс Кроуфордқа (41-0, 31 KO) қарсы жекпе-жек алдында Канело өзін есепке алмастан, әлемнің үздік үш P4P боксшысын атады.

"Меніңше... Усик, Иноуэ және Кроуфорд", – деп береді Альварестің сөзін Ringside24.

Осылайша, Канело украиналық абсолют чемпион Александр Усикті (24-0, 15 KO), жапониялық Наоя Иноуэні (30-0, 27 KO) және өзінің алдағы қарсыласы америкалық Терренс Кроуфордты атап өтіп, үш чемпионға да құрмет білдірді.

Айта кетейік, Усик жақында ауыр салмақта абсолют әлем чемпион атанып, британиялық Дэниел Дюбуаны (22-3, 21 KO) нокаутпен жеңген болатын.

Ал Иноуэ - екінші жеңіл салмақ дәрежесінде абсолют чемпион. Кроуфордт болса бірінші орта салмақтағы WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы және екі салмақта абсолют болған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport