"Өзін дәлелдеу керек". Төрт дивизионда экс-чемпион Головкинге "Канеломен" жекпе-жекте қажет кеңес берді

Сурет: vRINGe.com
Төрт салмақта бұрынғы әлем чемпионы пуэрторикалық Мигель Котто (41-6, 33 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды vRINGe.com.

"Трилогия алдағы күндері болады деп ойлаймын. Мұнда Головкинге өзін дәлелдеу керек болатын шығар. Бірінші кездесу теңдей өтті, екіншісінде ол жеңді. Енді оған басымдығын көрсету үшін зор күш жұмсау қажет", - дейді Котто KO Artists Sport басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Котто 2015 жылы қарашада төрешілердің шешемімен Альварестен жеңілген болатын.