30 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 KO) жақын арада 38 жастағы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізу жоспары жоғын айтады, деп хабарлайды vRINGe.com порталы ESPN Deportes басылымына сілтеме жасап.
Шолуышлар "Канело" мен GGG тағы жұдырықтаса алады деп меңзеуде, мәселен, мексикалыққа дәстүрлі болып кеткен мамыр айында. Алайда Саульдің жоспары басқа болып шықты.
"Головкинмен жағдай түсінікті: бұл оны қызқытыратын жалғыз жекпе-жек. Ол карьерасын "Канеломен" жекпе-жектен кейін аяқтағысы келетін болар. Бірақ біз үшін басқа міндеттер маңызды: алдымен Смитті жеңу, одан кейін Эдди (Рейносо) айтпақшы 76,2 келіде титулдарды біріктіріп, тарихты жалғастыру. Головкинмен кейінірек кезігерміз", - дейді Альварес.