Странджа кубогі атты бокстан халықаралық турнирде ширек финалдық айқастар өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кешкі сессияда рингке төрт қазақстандық шықты, үш боксшымыздың қарсыласы өзбектер болды.
48 келіде Ернұр Қайрат грузиялық Лука Кублашвилиге есе жіберді. 67 келіде Темірхан Тезек өзбекстандық Бехзод Хамидовтан жеңілді. Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловқа қарсы айқасқа шықпады. Ал сессиядағы соңғы жекпе-жекте Бекзат Таңатар 86 келі салмақта өзбек боксшы Шохжахон Абдуллаевтан таза жеңілді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бұл жарысқа алып келген 12 боксшының үшеуі ғана қалды.