Өзбектермен айқасқан ешбір қазақ боксшы финалға шыға алмады

©Видеодан кдар

Қазақстандық Аманат Сабырғали Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz

Ринг төріне құрамадан соңғы болып шыққан 92 келідегі боксшымыз өзбекстандық Джахонгир Зокировқа есе жіберді. 

Мұның алдында Ерхат Бекзат (92 келі) және Ерасыл Жәкпеков (80) те өзбек қарсыластарына есе жіберді. Сонымен қоса Талғат Сырымбетов (60) пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5) да финалға өте алмады.

Жартылай финалда сүрінбей өткен Махмұт Сабырхан (57 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54), Санжар Тәшкенбай (48), Абзал Серік (67), Сабыржан Аққалықов (71) және Диас Молжігітов (75) шешуші жекпе-жекте алтынға таласады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар