Өзбектерден неге қалып отырмыз? Олимпиада чемпионы қазақстандық бапкерлерге қатысты шындықты айтты

©azattyq.org

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев қазақ және өзбек бокс мектебінің басты айырмашылығын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қазақ және өзбек стилі КССР кезінде қалыптасып алды. Біздің стильде техника басым, ал өзбектер - адуынды, онда "физикаға" көп мән береді. Менен кейде сұрайды: "қазақ стилінің көп элементтерін қазір Өзбекстандық боксшылар сәтті қолданып жатқан жоқ па?" деп. Жауап беремін: "Жоқ, олай емес. Олардың стилі мүлде басқа". - дейді Сәрсекбаев "Дядя Ваня" арнасына берген сұхбатында.
 
Олар шеберлеу...

"Өзбекстанның бапкерлері қазір қазақстандық әріптестеріне қарағанда шеберлеу деп айтуға бола ма, кәсіпқой деңгейде дайындықтары артық па? Қазіргі таңда солай болып тұрғанын мойындау керек. Біздің құрамада өзгеріс жасайтын уақыт келді. Импульс пен қан жүгірту қажет. 

Қашанғы сылтау мен өзге себептер іздей береміз? Біздің бапкерлердің көбі дұрыс сынды қабылдай алмайды, ренжиді. Керісінше ескертуді қабылдап, назарға алып, қателікпен жұмыс жасау керек қой", - дейді ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport