Бокс
26 қыркүйек 09:04
 

Өзбектер Ташкентте Азия чемпионатын өткізіп Ливерпульдің есесін 10 еселеп қайтармақ

  Пікірлер

blog.share

Өзбектер Ташкентте Азия чемпионатын өткізіп Ливерпульдің есесін 10 еселеп қайтармақ ©instagram.com/boxinguzbekistan_official/

Өзбекстан бокс федерациясында 2025 жылғы әлем чемпионатының (Ливерпуль, Англия) қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан бокс федерациясында 2025 жылғы әлем чемпионатының (Ливерпуль, Англия) қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Olympic.uz дерегінше, кездесу барысында Федерация өкілдері жыл соңында Ташкентте Asian Boxing ұйымының аясында ересектер арасындағы Азия чемпионатын өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 3 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Бірінші орын Қазақстан құрамасына бұйырды.

Қазақстан атынан әлем чемпиондары атанғандар: Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмуд Сабырхан (55 кг), Торехан Сабырхан (70 кг), Айбек Оралбай (салмағы 90 кг-нан жоғары), Алуа Балкибекова (51 кг), Аида Әбікеева (65 кг) және Наталья Богданова (70 кг).

Күміс жүлдені Назым Қызайбай (48 кг) еншілесе, қола медальдар Виктория Графееваға (60 кг) және Елдана Тәліповаға (салмағы 80 кг-нан жоғары) бұйырды.

Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында World Boxing жаңа ұйымының бастамасымен алғаш рет өткізілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!