auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Өзбектер одан қорықты". Бас бакпер қазақстандық боксшылардың қарқыны мен даулы шешімдер жайлы

"Өзбектер одан қорықты". Бас бакпер қазақстандық боксшылардың қарқыны мен даулы шешімдер жайлы
Видеодан жасалған кдар

Қазақстан құрамасының аға бапкері Қайрат Сатжанов Польшада өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы даулы жайлар туралы айтып берді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында ол Өзбекстан командасының "қорқынышы" туралы да сөз етті.

- Жігіттер жас, жалындап тұр. Мысалы, Санжар Тәшкенбай. Оның ұмтылысы сұмдық болды, әзер-әзер тоқтатып жүрдік, - дейді бапкер. 

- Ол шоу көрсеттті ғой. Қарсыластарына жасаған қысымы өз нәтижесін беріп тұрды.

- Ол ММА мен әскери самбодан чемпион. Ширек финалда қарсыласын жамбасқа лақтырды. Төреші украиналық Лазарев болғаны жақсы болды, әйтпегенде, ескерту беріп, ұтылып қалуы да мүмкін еді. Сосын біз оған мұндайды қайталама деп ескерттік. 

- Суперауыр салмақ. Бастапқыда өзбек боксшысы басым болды, ал одан кейін Аманат Сабырғали артықшылығын көрсетті. Қандай ойда болдыңыз?

- Біздің жігіт жеңді... Үшінші раундта өзбек боксшы нокдаунға түсіп қалған. Өзбектер біздің жігітке қарсы қатты дайындалды, ол Азия чемпионы ғой. Екі жыл бұрын бәрін сабаған... Өзбектерді де, бәрін. Олар осы жігіттен қана қорқатын. Бұл біздің боксшының бірінші айқасы еді, ал қарсыласы екіншісіне шыққан. Төрешілер бүйрегі басқа жаққа бұрды. 

- Есеп бойынша. Нокдаун болды ғой... Біздің боксшыда басымдық болу керек еді.

- Бізге беру керек болған. Біз наразылық та жаза алмадық, өйткені есеп 1:4 болды. Егер 2:3 болғанда наразылығымызды білдірер едік. 

- Бірақ Ерасыл Жақпековтің айқасында наразылық айтылды ғой. 

- Иә, бірақ оның реті солай. Бағалаушы төрешілер де болады. Біреуі рингтегі төреші жұмысына баға береді, ал екіншісі - қапталдағы төрешілерді. Кейінгісі де кубалық боксшы жеңді депті: бірінші және екінші раундты берген, үшіншісін ғана біздің боксшының пайдасына жазған. Сондықтан солай қалды. 

- Вице-чемпиондар туралы. Жігіттер қарсыластардың ыңғайсыз болғанын айтады. Әсіресе үндіс. 

- Жапониялық көшбасшы болды. Оны ең мықты боксшы деп те мойындады-ау деймін. Ол - Азия чемпионы. Екі жыл бұрын. Бізде алты чемпион, ал оларда біреу ғана болды. Жақсы боксшы. Бойы аласа, алайда, қолы ұзын. Жылдам. Ыңғайсыз. Ал үндіс... Біздің боксшыда ауыр айқастар болды - кубалық пен ресейлікті жеңді. Шаршаңқырап қалды...

- Эмоция ма?

- Ол бірінші раундта жеңді. Егер екіншісін де ұтқанда... Біз ол чемпион болады деп ойладық. Ал үнді боксшысы керемет бірдеңе көрсетті дей алмаймын. Психолгиялық тұрғыда ғана. 

- Біз патриотизм арқасында шықтық. Әр таңда жиналыс. Мен олардан отан деген не деп сұраймын. Олар - ол ана, әке, әже, ата, көршілер, сыныптастар және бүкіл Қазақстан деп жауап береді. Жеңіске жету үшін олар барын салу қажет. 

Санжардың отбасында сегіз бала, ол үлкені. Елнұрдың отбасында да сегіз. Олар өзінікін оңай бере қоймайды. Шыныққан жігіттер. 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама