Бокс
16 маусым 13:53

Өзбекстанның үш боксшысы жарыстан шығып қалды. Жалғыз жеңісті қазақ әкелді

©Өзбекстанның бокс федерациясы

Өзбекстан құрамасының боксшысы Миркомил Саитохунов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңіндегі жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/16 финалында Саитохунов Моңғолия боксшысы Бату Улзиимен қолғап түйістірді. Тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бөлек шешіммен моңғол боксшысына берді — 2:3.

Осылайша, Саитохунов турнирден ерте шығып қалды.

Айта кетейік, бұл - Өзбекстан құрамасы үшін жарыстағы үшінші жеңіліс. Бұған дейін Азиза Ёкубова (54 кг) және Рухшона Парпиева (80 кг) өз жекпе-жектерінде жеңіліп қалған болатын.

Сонымен қатар, Өзбекстан құрамасының қоржынына түскен жалғыз жеңісті 90+ кг салмақта өнер көрсететін этникалық қазақ Арман Маханов әкелді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport