Бокс
Бүгін 12:36

Өзбекстанның мықты боксшысы АЧ-де күтпеген жеңіліске ұшырады

©ӨБФ

Өзбекстан құрамасының боксшысы Асилбек Жалилов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында World Boxing ұйымы өткізіп жатқан жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

50 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте ол жапониялық Даичи Иваяға 1:4 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Жалилов - 2024 жылғы Азия чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport