Өзбекстан құрамасының боксшысы Асилбек Жалилов Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында World Boxing ұйымы өткізіп жатқан жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында күтпеген жерден жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 келіге дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте ол жапониялық Даичи Иваяға 1:4 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Жалилов - 2024 жылғы Азия чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Жарнама