Қазақстан құрамасының боксшысы Аман Қонысбеков Испанияның Ла-Нусия қаласында өтіп жатқан Boxam Elite–2026 халықаралық турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Қонысбеков Франция боксшысы Хассан Әл-Кадмиді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осы жеңістің арқасында ол турнирдің кемінде қола жүлдесіне кепілді түрде жетіп отыр.
Айта кетейік, Аман Қонысбеков Өзбекстанда туған. Ол бұған дейін сол елдің чемпионатында қола жүлдегер атанған. Алайда 2024 жылы халықаралық ареналарда Қазақстан атынан өнер көрсету туралы шешім қабылдады.
Жарнама