Бокс
11 қараша 2022 21:23
 

Өзбекстаннан оздық, бірақ... Қазақстан әйелдер құрамасы АЧ-гі жарысын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстаннан оздық, бірақ... Қазақстан әйелдер құрамасы АЧ-гі жарысын аяқтады ©olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатындағы жарысын аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақ қыздары сары құрлық додасында жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады. Жүлделер жиынтығы бойынша жерлестерімізге Үндістан командасы бәсекелестік танытты. Нәтижесінде 4 алтын алған Үндістан қыздары көш бастады.

Қазақстандықтардың сапында Алуа Балқыбекова (48 келі), Жәйна Шекербекова (54 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) жеңіс тұғырының биік сатысына көтерілді.

Төменде медальдар жиынтығы бойынша орналасқан құрамалар:

1. Үндістан – төрт алтын және бір күміс;

2. Қазақстан – үш алтын және бір күміс;

3. Жапония – бір алтын және төрт күміс;

4-5. Корея және Өзбекстан – бір алтын және бір күміс;

6-7. Тайбэй және Вьетнам – бір алтыннан;

8. Таиланд – екі күміс;

9-10. Моңғолия және Иордания - бір күмістен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!