Қазақстандық Аман Қонысбеков 19 және 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатқан Бангкоктағы (Таиланд) Азия чемпионатының жартылай финалына жете алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтағы (22 жасқа дейінгі жас санаты) Қонысбеков ширек финалда Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтаевпен жұдырықтасты.
Бірінші раунд қорытындысы бойынша өзбекстандық боксшы төрешілердің көпшілік даусымен (4:1) басым түсті. Екінші үшминуттықта да Болтаев басымдықты сақтап қалды - 3:2.
Ақыры үш раунд қортындысы бойынша төрешілердің бөлек шешімімен Болтаев жеңімпаз атанды.
Жарнама