Жарнама

Бокс
Кеше 16:17
 

Өзбекстаннан асып түскен Қазақстан АЧ-де жүлделік есепте бірінші болды

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстаннан асып түскен Қазақстан  АЧ-де жүлделік есепте бірінші болды ©ҚР ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда World Boxing ұйымының қолдауымен өткен бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда World Boxing ұйымының қолдауымен өткен бокстан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін, 10 сәуірде ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтті. Қазақстан атынан рингке бес боксшы шықты: Оразбек Асылқұлов (60 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).

Қазақстандық бес боксшының төртеуі чемпион атанды: Асылқұлов, Аққалықов және ағайынды Оралбайлар. Тек Төрехан Сабырхан финалда күтпеген жерден жеңіліп, күміс жүлдемен шектелді.

Сондай-ақ, тағы үш қазақстандық боксшы қола жүлдегер атанды: Махмұт Сабырхан (55 келі), Ертуған Зейнуллинов (65 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі).

Осылайша, ерлер құрамасы жалпы сегіз жүлде жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынға көтерілді. Екінші орынды 3 алтын, 2 күміс және 1 қоламен Өзбекстан иеленді. Үздік үштікті Үндістан түйіндеді (1-1-4).

2026 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық есебі:

Қазақстан — 4-1-3
Өзбекстан — 3-2-1
Үндістан — 1-1-4
Жапония — 1-1-2
Иордания — 1-1-1
Моңғолия — 0-1-2
Қытай — 0-1-2
Таиланд — 0-1-1
Тәжікстан — 0-1-1
Түрікменстан — 0-0-1
Филиппин — 0-0-1

Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сайдалин жетекшілік ететін Қазақстан әйелдер құрамасы да Ұлан-Батырда өткен чемпионатта бес жүлде жеңіп алған болатын.

Алтынды Надежда Рябец (80 келіге дейін) пен Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) иеленді. Бақыт Сейдіш (70 келі) күміс жүлдегер атанса, Әйгерім Сәттібаева (48 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!