Қазақстан әйелдер құрамасы Дубайдағы Азия чемпионатының финалына шыққан боксшылар саны бойынша бірінші орында, деп хабарлайды Vesti.kz. Командадан бір боксшы ғана қола жүлдемен жарысты аяқтады.
Мықтылар үштігінде Өзбекстан мен Үндістан бар. Одан кейін Индонезияның бір спортшысы финалда өнер көрсетеді.
Әйелдер арасында финалға шыққандар:
1. Қазақстан - тоғыз боксшы.
2. Өзбекстан - алты боксшы.
3. Үндістан - төрт боксшы.
4. Индонезия - біреу.
Қола жүлделер
1. Үндістан - алты боксшы.
2. Моңғолия - үш боксшы.
3-4. Тәжікстан мен Өзбекстан - екеуден.
5-9. Қазақстан, Шри-Ланка, Филиппин, Кувейт және БАӘ - бір боксшыдан.
Айта кетейік, 28 мамыр ерлер арасындағы жартылай финал өтеді - бұл кезеңде алты боксшымыз айқасады. Ал алтын үшін жекпе-жектер әйелдер арасында 30 мамыр, ерлер арасында - 31 мамырда өтеді.