Коломбо қаласында (Шри-Ланка) өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында барлық финалистер анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Абсолют көшбасшы — Қазақстан құрамасы, финалдық жекпе-жектерге 47 боксшысын шығарды.
Екінші орында — Қырғызстан, финалға 13 боксшы өтті. Үздік үштікті IBA-Үндістан құрамасы түйіндеп тұр — 11 боксшы.
Қалған құрамалар тізімі:
Тәжікстан – 8 боксшы
Вьетнам – 6 боксшы
Шри-Ланка – 5 боксшы
Ауғанстан – 3 боксшы
Моңғолия және Таиланд – 2 боксшыдан
IBA-Пәкістан, Сауд Арабиясы және Өзбекстан – 1 боксшыдан
Жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері 22 мамыр күні өтеді.