Бүгін, 25 ақпанда қазақ боксшылар "Странджа кубогі" халықаралық турнирінің финалына жолдама үшін айқасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Күндізгі сессияда бұрымдыларымыз өнер көрсетеді - Назым Қызайбай (50 келіге дейін), Дина Жоламан (54), Римма Волосенко (60), Дариға Шакимова (66), Валентина Хальзова (70), Надежда Рябец (75), Анастасия Баязитова (81) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден аса).
Басталуы 18:00.
Кешкі бағдарламада Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Дамир Әбдіқадыр мен Тимур Қабдешов (екеуі де 51 келіде), Махмұд Сабырхан (54) Абзал Серік (63,5), Дулат Бекбауов (67), Сағындық Тоғамбай (86), Абзал Құттыбеков (92) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден аса) рингке шығады.
Өзбекстан және Ресеймен текетірес. Қазақ боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі
Басталуы 22:00