Бокс
15 ақпан 2022 09:52

Өзбекстанмен текетірес. Қазақстан бокстан халықаралық турнирге жаңартылған құрамын апарады

©olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасы Болгарияда өтетін "Страндж" мемориалы халықаралық турниріне қатысады, деп хабарлайды Бокстың азиялық конфедерациясының сайты

Софияға 39 ел командасы жианалды, жарыс екі апта уақыт өтеді.

"Турнирге әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мамұд Сабырхан және жастар арасында бірнеше әлем чемпионы мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары қатысады. 

Өзбекстан бұл жарысқа 26 боксшы іріктеді. Кейінгі әлем чемпионатының жүлдегерлері - Абдумалик Халоков пен Мадияр Саидрахимов тіркелді. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған Хасанбой Дусматов және Азия чемпионы Саиджамшид Джафаров бар", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, мұның алдында Қазақстан құрамасындағы бірнеше боксшы кәсіпқойға ауысты да, командада жаңару жүріп жатыр. Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Сербиядағы әлем чемпионатында бетпе-бет келген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport